$ 493.85  519.04  4.97

СҚО-да ақша жымқырған білім бөлімінің бухгалтері сотталды

Ол мемлекетке келтірілген залалды тергеу барысында толық көлемде өтеді.

Фото: Elitar.kz
Фото: Elitar.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау аудандық білім бөлімінің бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, білім бөлімінің бухгалтері өзіне және бөлім қызметкерлеріне негізсіз жалақыны өсіріп, заңсыз аудару арқылы 4,5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлаған деген кінә тағылды.

Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Ол мемлекетке келтірілген залалды тергеу барысында толық көлемде өтеді.

Айыртау аудандық сотының үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Экс-бухгалтер қаржы және мемлекеттік ұйымдарда сол мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Ведомство Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін әр адам кінәсіз деп есептеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары