Олар спортшыны жеңісімен құттықтап, Олимпиада чемпионы болуына тілектестік білдірді.
Тиранадағы (Албания) әлем біріншілігінен алтын медальмен оралған балуан Нұрқожа Қайпановқа жамбылдықтар ат мінгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Таразға барған Нұрқожа Қайпановты Жамбыл облысының азаматтары құр қол жібермей, сәйгүлік сыйға тартқан. Олар спортшыны жеңісімен құттықтап, Олимпиада чемпионы болуына тілектестік білдірді. Нұрқожа Қайпанов Тиранадағы (Албания) әлем біріншілігінде еркін күрестен 70 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған еді. Ол финалда жапон балуаны Ешиносуке Аоягимен күресіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны атанды. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған еді. Нұрқожа Қайпановтың еншісінде Азия чемпионатының екі алтыны (2019, 2021), Азия біріншілігінің және әлем чемпионатының күмісі (2022, 2019) және әлем біріншілігінің алтыны (2024) бар.