$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, еліміздің орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанда 20 қарашада ауа райы қалай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда қолайсыз ауа райы мінез танытады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, еліміздің орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің екпін алуы сынды табиғи ортақ құбылыс болады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында. 

Сондай-ақ, таяу тәулікте республикамыздың шығыс және батыс облыстарының су объектілерінде мұз түзілу процесі жүріп, республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі байқалады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары