$ 494.84  537.4  5.58

Курчатовта диаметрі 700 мм.-лік су құбыры жарылды

Бүгін таңғы сағат 6-да Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында №1 суық сумен қамту учаскесінде диаметрі 700 мм су құбыры жарылды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

ТЖ қызметкерлері хабарлағандай, 10 минуттан кейін коммуналдық қызмет апаттық құтқару жұмыстарын бастаған. Сағат 7:40-та суық су тоқтатылды.

Оқиға туралы тұрғындарға хабарлады. Ауыз суды тұрғындарға жеткізу үшін қордағы 3882 текше метр көлеміндегі суды пайдалануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары