Қытай қазағы 90 жасқа қараған шағында дүние салды.
Қытайдың ШҰАӨ халық үкіметі төрағасының бұрынғы орынбасары, Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесі Саяси кеңесінің төрағасы болған ардақты ел ағасы Жанәбіл Сымағұлұлы 22 қараша күні 90 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, Қытайдың мемлекет және қоғам қайраткері Жанәбіл Сымағұлұлы 1934 жылы сәуір айында Қытайдың Алтай аймағы, Қаба ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1951 жылы бастаған. 1953 жылы тамыз айында ҚХР коммунистік партиясына мүше болып қабылданған. Жоғары білім мағұлыматына ие. Шыңжаң ұйғұр автономиялы өлкесінің орынбасар төрағасы, Шыңжаң ұйғұр автономиялы өлкелік партия көмитетінің тұрақты мүшесі, орынбасар хатшысы, Шыңжаң ұйғұр автономиялы өлкелік Саяси кеңестің төрағасы сынды лауазымды міндеттерді атқарған.