Неліктен уақытыңыз жетпей жатыр?
eGov mobile қосымшасындағы Қазақстандағы бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға арналған сауалнама жоғалып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желі қолданушылары сауалнаманы қосымшадан таба алмай отырғандарына шағымдана бастады.
"Бұл сауалнама өзектілік мерзімі аяқталған соң жарияланымнан алынды", – делінген хабарламада.
Таяуда eGov mobile қосымшасында қазақстандықтарға уақыт белдеуіне қатысты сауалнамаға қатысу ұсынылды. Сауалнамада "Қай уақыт белдеуі сізге қолайлы?", "Қазір орнатылған уақытпен не істеу керек?", "Не себептен уақытыңыз жетпей жатыр?" деген сұрақтар қойылды.
Айта кетейік, бұған дейін үкімет бірыңғай уақыт белдеуі туралы мәлімдеме жасаған.
Еске салсақ, бұған дейін депутаттар уақыт белдеуі мәселесі мәжіліс отырысында қаралатынын айтты. Кейінірек, халық бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинаған. Бірақ министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қанағаттандырмай қойды.