$ 498.55  524.28  4.75

Желіде құрылысына 815 млн теңге жұмсалған қыздар дәретханасы талқыға түсті

Мұндайды қалай жобалап, қолданысқа беруге болады?

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Желіде Ақтөбедегі гимназиядағы есігі жоқ қыздар дәретханасының суреті пайда болды. Бұған қатысты мектеп әкімшілігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

 Жазба Instagram желісіндегі Aqtobe_sergek парақшасында пайда болды. Фотосуретте арасы бөлінген, бірақ есіктері жоқ екі дәретхана бар.

"Мектеп-гимназияға жаңа ғимарат қосылды, бұл балалардың заманауи ғимаратта оқитыны өте қуантады, бірақ мектеп әкімшілігінің байқамай отырған мәселесі – дәретхана. Атап айтқанда, есігі жоқ қыздарға арналған дәретхана. Неліктен қыздарға мұндай қарым-қатынас жасалды, олардың қажеттілігіне неліктен құрметсіздік көрсетілген? Мұндайды қалай жобалап, қолданысқа беруге болады?", - делінген жазбада.

Жазбаны көрген қазақстандықтар түрлі пікір қалдырған. Олардың көпшілігі мұның дұрыс еместігін баса айтқан. Пікір жазғандар қатарында мектеп әкімшілігінің өкілдері де бар. Олар жағдайға қатысты түсініктеме берген.

 "№2 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мектептің қосымша ғимараты жақында ғана пайдалануға берілгенін хабарлады. Алдағы уақытта аталған мәселе шешілетін болады", - делінген хабарда.

Сонымен қатар қадағалаушы ведомство да жазбаға пікір білдірген. Олар өтініш Ақтөбе облысы Ахуалдық орталығында тіркеліп, құзыретті ұйымның қарауына жіберілгені айтылған.

 Ал, HALYQSTAN Telegram-арнасының мәліметінше, құрылыс жұмыстарына 815 миллион теңге жұмсалған. Қосымша ғимараттың құрылысы өткен жылы басталып, ғимарат биыл пайдалануға берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары