Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген.
TikTok желісінде бір қап қантты 50 рет көтерген бойжеткеннің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Кім айтты қазіргі қыздар нәзік, қолдарынан түк келмейді деп? 50 рет отырып-тұрып қантты алып кеттім. Әлия мен Мәншүктің ұрпағы екенімізді ұмытпайық», — деп жазды видео авторы.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Бірі бойжеткеннің күшіне тәнті болса, енді бірі шартты дұрыс орындамағанын айтты.
«Заңы бойынша соңына дейін отыру керек», «Қазіргі тойлар не болып кеткен?», «Қыз-келіншектер, Отанды өзіміз қорғай берейік. Кейбір еркексымақтардан пайда жоқ, желіде қайыр сұрап отырады», «Қазір әйелдер еркектерден мықты», «Дұрыс істеп тұрған жоқ. Саналмау керек», — деп жазды олар.