$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда жыл сайын 6 мыңға жуық жасанды түсік жасатылады

Қостанай облысында жыл сайын 5000-нан 6000-ға дейін түсік жасалады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 2500-ге жуық жасанды түсік жасату тіркелген, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы «Қостанай таңы» газетіндегі түсік жасатудың зардабы туралы сұхбатында Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы Иван Янцен айтады.

Оның айтуынша түсік жасататындардың 10 пайызы бірінші жүктілікті бұзатын әйелдер, кәмелетке толмаған қыздар мен бойжеткендер дейді.

 Олар ең бірінші ата-анасынан қорқатын болса, екіншіден өзінің білім алып жатқан ортасына мазақ болудан қорқады. Мұндай бойжеткендер өздеріне қол жұмсауға бейім келеді. Сондықтан қанша райынан қайтаруға тырысқанымызбен, өздері көнбей тұрса, амал жоқ өмірлерін сақтап қалу үшін жасанды түсік жасауға тура келеді. Бірақ, бұл дұрыс шешім емес,  дейді Иван Янцен.

Сонымен бірге, түсік жасатуға кейбір мемлекеттердегі сияқты заң жүзінде тиым салу көп нәрсенің алдын алады дегенді айтады.

— «Ана үйі» деген жас босанған, тұрғылықты пәтері жоқ жас аналарға қамқорлық үйі бар. Бұл еліміздің кез келген қалаларында орналасқан. 2013 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейтін бұл орталық жағдайы ауыр келіншектерге тегін көмек көрсетеді, — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары