Жаңалықтар 13.08.2014 сағат 06:40

Астанада мектеп жәрмеңкесі 16-шы тамызда өтеді

Мектеп тауарлары мен оқу құралдары жәрмеңкесінің алғашқысы 16 тамызда өтеді, деп хабарлайды skifnews.kz

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, жәрмеңке келесі бір аптадан кейін жалғасын табады. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін жәрмеңке сенбіге жоспарланған.

Мұнда қалыптасқан дәстүрге сай оқушыға қажетті заттардың барлығы бар. Келушілер назарына қаламнан бастап санағыш таяқшалар, есептегіш калькульятор мен түрлі қалыптағы дәптер, портфель, оқущы сөмкесі, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар киімі қолжетімді бағамен сатылады.

Жәрмеңке қаланың орталық алаңында өтеді. Онда 30 сауда шатыры жұмыс істейтін болады.

Астаналық кәсіпкерлермен қатар Қазақстанның өзге өңірлерінен келген іскер азаматтар да өз тауарларын ұсынбақ.

— Біз кәсіпкерлерді таңдағанда тауар сапасына аса мән бердік. Сонымен қатар өз бағамызды қоямыз. Өйткені әр ата-ана сапалы бұйымды қолжетімді әрі тиімді бағамен алуы керек, — дейді Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметкерлері.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар