$ 516.93  542.52  4.98

«Өзінің екіқабат екенін білмейді»: Заңгер жүйке ауруханасында зорланған қыздың анасымен тілдесті (ВИДЕО)

Атырауда атылған итті әңгіме қылғанша, мына қыздарға көңіл бөліңіздер!

Фото: Айгүл Орынбектің жеке парақшасынан алынды
Фото: Айгүл Орынбектің жеке парақшасынан алынды

Танымал заңгер және адвокат Айгүл Орынбек Шымкентте санитар зорлаған қыздың анасымен сұхбаттасып, оқиға туралы егжей-тегжейлі сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгер Facebook-тегі парақшасына зорланған қыздың анасымен сұхбаттасқан сәтінен үзінді жариялады.

«Нұрлан, Нұрбек деген, 82,92 жылғы, біреуі 10-12 жылдан астам уақыт бойы істеген, біреуі 2 жылдан астам уақыт істеген. Екеуі сосын Бексейіт деген санитар болған. Сол кісімен арам ойын іске асыру үшін, бірге сменге түседі екен. Күшпен апарып, сол бөлмеге кіргізіп, төсекке жатқызып, үшеуі жабылып, аяқ-қолын байлап, ұйықтататын укол салып кетеді екен. Ол белгілі бір уақытта әсер етеді екен, оған дейін ол қорқып жатады екен. Арам ойын іске асыратын кезде шешініп бастайды дейді. Қалтасындағы телефон, ақшасын сыртқа қояды дейді. Білем дейді, бірақ қарсылық білдіре алмаймын дейді, себебі аяқ-қолым жансызданып қалады. Бірақ көріп, біліп тұрамын, үндемей жылап жатамын дейді. Сөйлемейді, шамам келмейді дейді. Мен бұл бабаны өзім шомылдырамын, киіндіремін, өзім кірін жуамын. Ол әлі бала ғой, ол нәрсені түсінбей жатыр ғой ол. Өте қиын жағдай мынау, өзінің екіқабат екенін білмейді. Өзі құсып жатыр, «Мама, мынау не дейді?». Айғайлайды, бұдан өле салғаным жақсы еді ғой Құдай дейді», — дейді қыздың анасы.

Бұдан бөлек, қоғам белсендісі көпшілікті қыздарына көп көңіл бөлуге шақырды. 

«Көрінбей қалдың ғой, қайдасың? деп іздеп жатқандарға. Бір аптадан бері мына оқиғадан өз өзіме келе алмай жүрмін. Қаншама зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп жүрмін. Бірақ мына оқиға ауыр тиді. Әдеттегідей Шымкент полициясының тергеушілері өз қызмет баптарын асыра пайдаланып, қыздың анасын қорқытқан. Атырауда атылған итті әңгіме қылғанша, мына қыздарға көңіл бөліңіздер», — деп жазды Айгүл Орынбек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары