$ 520.27  537.65  5.24

Ақмола облысында аурухана бухгалтері 10 млн теңге жымқырған

Сот үкімімен ол 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. 

Фото: Freepik
Фото: Freepik

Ақмола облысында аудандық ауруханалардың бірінің бухгалтері қызметкерлердің еңбекақысы мен басқа да төлемдерін негізсіз көтерген. Ал аурухананың бас дәрігері мен бас бухгалтер ол құжаттарды тексермей, қол қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осылайша бухгалтер өзінің шоты мен өзгелердің шотына заңсыз ақша аударып, кейін ол ақшаны қолма-қол немесе өзінің картасына аудару арқылы қайтаруды талап еткен.

2020-2022 жылдары осы тәсілмен 10 миллионға жуық ақша жымқырған. Бұл заңсыздық аудиторлық тексеріс кезінде анықтаған.

Сот үкімімен ол 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Бас бостандығынан айыру жазасын 14 жастағы баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, төрт жылдан кейін өтейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары