$ 523.86  544.34  5.11

Батыс Қазақстанда жедел жәрдем көліктері құжатсыз жүрген

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған жағдай медицина қызметкерлерінің, науқастардың және тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында 13 жедел жәрдем көлігі құжатсыз жүрген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәнібек ауданының прокуратурасы аудандық ауруханада заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізген кезде 10 көліктің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен техникалық тексеру туралы сертификаттармен, тағы үшеуінің міндетті сақтандыру полисінсіз жүргені анықталды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған жағдай медицина қызметкерлерінің, науқастардың және тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

«Аталған фактілер бойынша аудандық прокуратура кінәлі тұлғаларды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 590-бабы 8-бөлігіне және 230-бабы 2-бөлігіне сәйкес сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Күні бүгін заң бұзушылықтар жойылып, айыппұл толығымен өтелді», деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары