“ҚазАвтоЖол” видеоға қатысты түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде ер адамның жеңіл көліктің жүк салғышындағы құмды мұз қатқан жолға күрекпен шашып жүрген видеосы тарады. Күрекпен құм шашып жүрген ер адам жол учаскесінің бастығы болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, 19-20 желтоқсан күндері "Самара-Шымкент" тас жолының 541 шақырымында қар мен көктайғақ салдарынан көлік кептелісі пайда болған.
“Жолды тазарту үшін арнайы техника жұмыс істейді. Бірақ қозғалыс қарқындылығына байланысты, арнайы техника жұмысты оңтайландыра алмады. Жол учаскесінің басшысы жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шұғыл шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.