$ 520.27  537.65  5.24

«Осындай «мәдениетсіз депутат» болғаным артық!»: Еділ Жаңбыршин өзін сынағандарға үн қатты

Кейде ондайларға «қыртымай, менің орныма келіп отырып көріңдер», — дегім келеді.

Фото: © Sputnik / Абзал Калиев
Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Журналист Серік Хасенов Үкімет сағатында Air Astana басшысы Питер Фостерді сынап тастаған депутат Еділ Жаңбыршиннің өзін сынап жазба жариялаған еді. Көп ұзамай халық қалаулысы желі қолданушысына өз жауабын берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Серік Хасенов Facebook парақшасында Жаңбыршиннің «ерлігі» туралы жазды. Ол депутаттардың Фостерді «тергеп» жатқандарында бір гәп бар деп санайды. Осы тұста Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі жазбаларға қатысты өз ойын жазды. 

«Фостерге компаниясының кемшілігін айтамын деп енді арпылдаған, дарақы «мәдениетсіз депутат» болыппын. О, дүние-ай, қайтейін! Үндемей, түйеқұсқа ұқсап, құмға басымды тығып, «мәдениетті депутат» болғаннан көрі, осындай «мәдениетсіз депутат» болғаным артық! Кейде ондайларға «қыртымай, менің орныма келіп отырып көріңдер», — дегім келеді, мысли вслух қылып! Бірақ айтпаймын, а то одан сайын «мәдениетсіз» болып кетемін ғой!», — деп жазды Мәжіліс депутаты.

Еске салайық, 23 желтоқсанда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкімет сағатында Air Astana АҚ бас атқарушы директоры Питер Фостерге «шаңыраққа қараңыз» деп ескерту жасаған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары