$ 520.27  537.65  5.24

Ақтауда ұшақ апатынан аман қалып, ауруханаға түскен бір азаматтың кім екені анықталды

Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, олардың біреуі анықталып, Әзірбайжан азаматтығы анықталды.

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30 дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациент ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, олардың біреуі анықталып, Әзірбайжан азаматтығы анықталды.

Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді. 

Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзірбайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді. Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр. ​

Бүгін 26.12.2024 жылы таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей Федерациясының азаматтары эвакуацияланды. ​Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас БАҚЫЛАУДА, оның 6-ы реанимацияда: 5-і МОБ ЦОР-да және 1-і Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының реанимациясы бөлімінде. МОБ ЦОР-дан 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары