$ 527.3  544.86  4.95

«Сіз менің қаһарманымсыз»: Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан ұшқыштың қызы әсерлі жазба жариялады

Жәннатқа барасыз деп үміттенемін!

Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан Әзірбайжан әуе жолдары компаниясының капитаны Игорь Кшнякиннің қызы әкесі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Игорь Кшнякиннің қызы Дарья Кшнякина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкесін еске алды. 

"Әке, сіз менің қаһарманымсыз, әрқашан менің жүрегімде қаласыз, сіз өзіңізді құрбан етіп, ондаған адамның өмірін сақтап қалу үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасадыңыз. Мен осындай әкемнің барын әрқашан мақтан тұтамын. Сіз өте көңілді едіңіз, біз үшін бәрін жасадыңыз, біздің бақытты болуымызды қаладыңыз. Ең жақсы әке! Жәннатқа барасыз деп үміттенемін", – делінген Дарья Кшнякинаның жазбасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары