Бізде импорт көп. «Елде мұнай мен газдың ақшасын пайдаланымыз да, қалай болғанда да ашықпаймыз, жалаңаш қалмаймыз, ақша бар деген сенім бар».
Теңгенің әлсіреп доллардың нығаюы ел ішінде талқыланып жатқан өзекті тақырыптардың бірі. Ал бұл жағдайда қандай факторлар әсер етті? Ұлттық валютаның әсліреуіне не себеп болды, оны тоқтату үшін не істеу керек? Qasqa Jol You Tube арнасының кезекті шығарылымы осы тақырып шеңберінде өрбіді. Бағдарлама қонағы экономист-сарапшы, ҚР Ұлттық банкінің алғашқы төрағасы Ғалым Байназаров елді алаңдатқан сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңгенің әлсіреуіне төмендегі сыртқы факторлар әсер етті деп, түсініктеме берген еді.
"Бірінші фактор - cоңғы айлардағы доллар индексінің жаһандық нығаюы. Екіншіден, әлемде мұнай бағасының төмендеуімен байланысты. Үшінші фаткор - Ресей рублінің әлсіреуі", - деген Нұрлан Байбазаров.
Теңгенің әлсіреуі доллардың нығаюы
Сарапшы Ғалым Байназаровтың айтуынша да теңгенің әлсіреуіне шынында ішкі факторға қарағанда, сыртқы фактор әсер етеді.
"Біздің экономиканың қазірдің өзінде жасалып жатқан моделі – экспорттарға бағытталған. Дамыған елдердің шикізаттық провинциясымыз. Биылғы 15 желтоқсандағы сандармен айтсақ, доллар бағамы - 522,496. Ал, біз 1993 жылы 4,75 ал, жылдық санамамен 5,26 болатын. Жүз есе төмен түсіп тұр.
Біз мұнай шығаратын елміз. Біздің байлығымыз шаш етектен. Халқымыз аз. Осындай мүмкіндіктерімен валютасы 100 есе төмендеген ел жоқ. Дүниежүзіндегі 194 елдің, валютасы төмендегендердің ең соңында, 170-орындамыз. Біздің алдымызда Афирканың Гвинея-Бисау сияқты елдер ғана бар. Дамыған елдерді қоспағанда, дамушы елдердің ең соңындамыз. Бізге Дүниежүзік Банк «Қазақстанның валютасы дүниежүзінде ең жылдам төмендеп бара жатқан елдердің қатарына қосылады» деген сипаттама береді.
Кешегі Совет дәуірінен қалған көптеген бағыттағы үлкен өндіріс орындарынан айырылып қалдық, жеңілөнеркәсіпті де жоғалттық. Біз қазір киім тікпейміз.
Біздегі импорттың үлесі, басқаны былай қойғанда тамақтың 42%-ы импортпен жабылады. Киімнен 99% импортпен жабылады.
Инфляцияға бірден-бір әсер ететін. Елдің ішіндегі бөлшек сауда тауар беретін өндіріс орындары ғой, олар бізде жоқтың қасы. Осыған байланысты импортпенен шетелдің Ресейдің, Қытайдың инфляциясын өзімізге алып келеміз", - дейді экономист.
Біздегі өндірістер неге құрып жатыр?
ҚР Ұлттық банкінің алғашқы төрағасы Ғалым Байназаровтың айтуынша, бізде импорт көп.
«Елде мұнай мен газдың ақшасын пайдаланымыз да, қалай болғанда да ашықпаймыз, жалаңаш қалмаймыз, ақша бар деген сенім бар».
Инфляция 90-шы жылдардан бастап әлі келе жатыр, тоқтаған жоқ. Оны тоқтататын күш жоқ. Осымен күресеміз деп Ұлттық Банк жыл сайын жылдық көрсеткішті көтереді. Бұл да сол инфляцияны қозғаушы көздердің бірі, - деді сарапшы.