$ 525.11  546.74  4.88

Қазақстанда 1 қаңтарда көктайғақ болып, жел күшейеді

Республика аумағының басым бөлігінде ауа райына Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктер алдағы сәрсенбі, 2025 жылдың 1 қаңтарына арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, республика аумағының басым бөлігінде ауа райына Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы болады.

«Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында бұрқасын, екпінді жел күтіледі, республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің хабарлауынша, республикада тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

«Күндіз шығыста, Қостанайдың оңтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 30 м/с және одан жоғары желдің күші өте күшті», - деп қорытындылады гидрометеорологиялық орталық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары