Абайды сынауға болмайды, Құрманғазыға тіл тигізуге болмайды.
Танымал журналист әрі тележүргізуші Дархан Әбдік ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол «Dope soz» YouTube арнасына берген сұхбатында әңгіме өрбітті.
«Абай өте күрделі тұлға. Біз әрбір саладан елбасыны жасағанды жақсы көреміз. Абайды сынауға болмайды, Құрманғазыға тіл тигізуге болмайды. Абайды мақтай бермеу керек, Абайды оқу керек. Абайды жырлап мақтай беретіндердің 99 пайызы Абайды оқымағандар», — деді журналист.