$ 526.11  542.31  4.76

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адам аман-есен отанына жеткізілді

Зардап шеккендерді Ақтау қаласының стационарларына уақтылы емдеуге жатқызу, білікті іріктеу және алғашқы сын сағаттарда толық емдеу-диагностикалық көмек көрсетудің арқасында 29 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен, Маңғыстау облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесінде 6 күн бойы емделіп жатқан Әзербайжанның қалған үш азаматы Әзербайжанға арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір пациент механикалық желдетуден, вазопрессордан және дәрілік седациядан ажыратылған. Басқа екі зардап шеккен адамда вазопрессордың дозасы ең төменгі дозаларға дейін төмендетілді.

«Қайғылы оқиғадан кейін дәрігерлердің білікті іс-қимылының арқасында келіп түскен барлық пациенттердің жағдайының динамикасы тұрақтандырылды, нашарлау байқалмады. 

Бүгінгі таңда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адамның барлығы медициналық қызметтердің күшімен тұрғылықты елдеріне тасымалданды. Ақтау қаласындағы әуежай маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына, екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін естеріңізге сала кеткен жөн.

Пациенттер әртүрлі жарақаттармен, негізінен бірнеше зақымдармен келді, бұл мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок.

Әуе апатынан кейін 10 минуттың ішінде зардап шеккендерге медициналық алғашқы көмек көрсету үшін Маңғыстау облысының 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының 6 бригадасы оқиға орнында болды», - делінген Денсаулық министрлігінің хабарламасында.

Зардап шеккендерді Ақтау қаласының стационарларына уақтылы емдеуге жатқызу, білікті іріктеу және алғашқы сын сағаттарда толық емдеу-диагностикалық көмек көрсетудің арқасында 29 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің тез сауығып, жақындары мен туыстарына оралуын тілейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары