$ 527.23  544.05  5.05

«Ақылға қонымсыз»: 1 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Болат Мажағұлов журналистерге шүйлікті

Бұл соттың заңды және негізделген шешім шығаруына кедергі келтіріп, істің мән-жайларын объективті қарау құқығымды бұзады.

Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Астанадағы "Күн" фонтанының құрылысына қатысты 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажагұлов әлеуметтік желіде сот процессіне байланысты жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында сот талқылауында анықталғанға ешқандай қатысы болмаса да, мен туралы және соттың маған тағылған айыптарды қарауының мән-жайлары туралы ақпарат тарады. Бұл жарияланымдардың бәрі өкілдері бірде-бір сот отырысына қатыспаған басылымдарда жарық көрді. Олар айыптау актісінің бірде-бір мәлімдемесі сот процесінде расталмағаннан кейін пайда болып отыр”, – деп жазды Болат Мажағұлов.

Ол сотқа қысым жасалып жатқанын айтты.

“Тергеуге пайдалы, бірақ сот талқылауында расталмаған жалған немесе бұрмаланған деректерді тарату – сотқа қысым жасау. Бұл сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тараптардың тең құқығы мен бәсекелестік қағидаттарына қайшы келеді, процеске қатысушылардың біріне қатысты негізсіз теріс қоғамдық пікір қалыптастырады. Менің ойымша, бұл соттың заңды және негізделген шешім шығаруына кедергі келтіріп, істің мән-жайларын объективті қарау құқығымды бұзады”, – дейді Астана мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы.

Болат Мажағұлов 2016 жылы Есіл өзенінде “Күн” фонтанын тұрғызу және оны қалалық бюджет қаражатынан қаржыландыру туралы шешімді әкімдік басшылығы, қоғамдық кеңес мүшелері және Астана қаласы мәслихатының депутаттары қабылдағаны анықталғанын айтты.

“Осылайша, фонтанды орнату менің бастамам болды деген айыптауды жоққа шығарды. Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті “Күн” субұрқағын құрастыру және орнату жобасын іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланғанын анықтады. Астана қаласының мәдениет басқармасы бөлген бюджет қаражаты бюджеттік қаржыландыру бағдарламасына сәйкес “Күн” фонтанын құрастыру бойынша қызметтерге ақы төлеу үшін ғана пайдаланылғаны расталды”, – дейді Болат Бауыржанұлы.

Оның айтуынша, фонтан кабельдері мен басқа да жабдықтары ұрланған соң істен шыққаны анықталса да және полицияның тергеу жүргізіп жатқанына қарамастан БАҚ фонтан сапасыз металлдан жасалған соң жұмысын тоқтатты деген ақпарат таратқан.

“Осы жоба бойынша БАҚ-та жарияланған мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар туралы ақпарат дұрыс емес. Мәселен, сот талқылауында істің материалдары, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы жауапты мамандардың, қорытындылары, олардың бірнешеуінен алынған жауап зерттеліп, "Күн" субұрқағы жобасы бойынша жүргізілген рәсімдердің, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкестігін анықтады. Сегіз жыл ішінде осы жоба бойынша көптеген тексерулер, соның ішінде аудиторлық жане прокуратура тарапынан тексерулер жургізілді. Олардың ешқайсысында, оның ішінде Астана қаласының мәдениет басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұл материалдар сотта да зерттелді”, – делінген жазбада.

Осылайша, Астана мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов біраз уақыттан кейін Астана әкімдігі басшылығының және жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша орнатылған "Күн" субұрқағы үшін оған жауапкершілік жүктеуге тырысу ақылға қонымсыз және фактілер мен логикага сейкес келмейтінін жеткізді. 

Ол қазіргі уакытта өзіне тағылған айып бойынша сот жаласып жатқанын жене аяқталуға жақын екенін айтты. 

Өнер адамдары мен отандық шоу-бизнес өкілдері Болат Мажағұловты қолдап, соттың әділ өтуін сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары