$ 527.23  544.05  5.05

Ақтауда ұшақ апатын дронмен түсірген блогер бостандыққа шықты

Азамат Сәрсенбаев әкімшілік жазасын өтеп болған соң, желіде жазба жариялады.

Фото: instagram.com/azamatsarsenbayev
Фото: instagram.com/azamatsarsenbayev

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейінгі жағдайды дронмен видеоға түсіргені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған блогер Азамат Сәрсенбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Азамат Сәрсенбаев әкімшілік жазасын өтеп болған соң, желіде жазба жариялады.

«Сәлем, 2025 жыл..! Ер адамның басынан не өтпейді!?

Осы 10 күн оқшауланып, үйден 150 шақырым жерде мен тек осы сөздерді санамда қайталай бердім. Шынымды айтсам, мен бұл тәжірибеге қуаныштымын, өйткені мен өзімнің ұстанымдарыма бұрынғыдан да берік, күшті және иілмейтін болып кеткенімді сезіндім. Жалпы көп нәрсе жазғым келеді.

Қалғанын кейінірек айтамын...», – деп мәлімдеді блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары