$ 524.75  540.6  5.12

«Пікірімді ешкім сұраған жоқ»: Черчесов отставка туралы айтты

Федерация басшылығымен үнемі байланыста боламыз.

Фото: kff.kz
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ҚФФ-ның жаңа президенті Марат Омаровпен кездескенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін Марат Талғатұлымен алғашқы кездесуіміз болды. Кездесу екі сағатқа созылып, өте жақсы болды. Таныстық, өзара әрекет етудің жолдарын талқыладық. 2024 жылғы Қазақстан құрамасының нәтижелерін талқыладық. 2025 жылға жоспарымызды толыққанды баяндадық. Қарсыластарымыздың ерекшеліктерін талқыладық. Енді матчтарды қайта Астанада қабылдайтынымыз туралы сөйлестік. Әзірге Мәскеуге ораламын, өйткені қаңтарда демалыс. Бірақ федерация басшылығымен байланысымыз үзіліп қалмайды, үнемі байланыстамыз», - деді Черчесов ресейлік «Спорт экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Черчесов сұхбатында тіпті, отставка туралы сұраққа жауап берді.

«Отставка туралы БАҚ-та айтылды, бірақ менің пікірімді ешкім сұраған жоқ. Бұл мәселе кездесу барысында мүлде талқыланған жоқ», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары