Осы орайда Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен нормаларды сақтау қажеттігін еске салады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды бақылауына алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Қазір балаға кәсіби психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр. Баланың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейді, - делінген Балалардың құқықтарын қорғау комитеті таратқан хабарламада.
Осы орайда Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен нормаларды сақтау қажеттігін еске салады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ислам медицинасымен жын шығарған емші Кейкуат Оспановтың әрекеті талқыға түсіп жатқаны жайлы хабарлаған едік.
Белгілі болғандай, балалардан жын шығаратын емші бұрын Атыраудағы мешіттің күзетшісі болған.
Сондай-ақ, Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видео тексеріліп жатқанын хабарлады.