Аталған жайтқа полиция пікір білдірді.
Желіде Көкшетаудағы облыстық балалар аурухананасының қызметкерлеріне ата-аналардың бірі жұдырық ала жүгіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ауруханадан видео Instagram желісіндегі nayzakokshe паблигінде таралған. Видеода Ақмола облыстық балалар аурухананасының дәрігерлеріне науқас балалардың бірінің ата-анасы шабуыл жасады делінген. Полиция департаменті аталған жайтқа пікір білдірді.
"Материал Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жолданды. Тексеріс нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сонымен бірге медициналық қызметкерлер ата-аналар тарапынан заңға қайшы әрекеттерге арыз тіркелген. Оған сәйкес қазіргі таңда тексеріс жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.