Астанада аяқ асты күн қатты суытып кетті. Офлайн сабақтар екінші күннен бері өтпей жатыр.
Астанада аязға байланысты екінші ауысымдағы барлық мектеп оқушылары қашықтан оқытуға ауысты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.
"Ауа райының нашарлауына байланысты 2025 жылғы 23 қаңтарда екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждің 1-2-курс студенттері (9-сынып негізінде) қашықтан оқыту форматына ауысады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Астанада аяқ асты күн қатты суытып кетті. Офлайн сабақтар екінші күннен бері өтпей жатыр.