$ 522.42  543.89  5.28

Бүгін талантты күйші-домбырашы Айгүл Үлкенбаеваның туған күні

Шығармашылық еңбек жолын оқып жүрген кезінен Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі құрамында (1979-1989) домбырашы болумен бастаған Үлкенбаева соло-орындаушыға дейінгі үздік кәсіптік-шеберлік биігіне көтерілді.

Осыдан 63 жыл бұрын (1962) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы домбыра кафедрасының доценті, күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Нариманқызы ҮЛКЕНБАЕВА дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облысы Исатай ауданы Чапаев ауылында туған. Алматы қаласындағы музыка училищесін (1981, педагогі Т. Бәділов), одан кейін Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) халық аспаптары факультетін (1986, профессор А. Жайымовтың жетекшілігімен) бітірген.

1989-1991 жылдары осы консерваторияның ассистентура-стажировкасынан өтті. Шығармашылық еңбек жолын оқып жүрген кезінен Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі құрамында (1979-1989) домбырашы болумен бастаған Үлкенбаева соло-орындаушыға дейінгі үздік кәсіптік-шеберлік биігіне көтерілді. Оның репертуарында халық күйлері («Ақсақ құлан», «Ел айрылған», т. б.), қазақтың халық композиторлары (Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова, Қазанғап, Құрманғазы, Махамбет, сондай-ақ маңғыстаулық күйшілер: Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, т. б.), осы заманғы композиторлар (Н. Тілендиевтің «Аққуы», А. Жайымовтың «Күй анасы» мен «Шалқымасы») шығармалары мен шет ел классикалық туындылары бар.

1993 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында (2002 жылдан доцент) және 2006 жылдан «Айгүл Үлкенбаеваның мектеп-студиясында» (өзі ұйымдастырған) ұстаздық қызметпен айналысады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары