Мұнда бір адамға 5 келіден артық сатылмайды.
Астанада танымал сауда желісінің супермаркеттерінде картопты 5 келіден артық сатуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Елорданың супермаркеттерінің бірінде картопқа байланысты хабарландыру пайда бола бастаған. Онда бір адамға бірінші сортты картопты тек 5 келіден артық сатылмайтыны көрсетілген.
Астана әкімдігі мен сауда және интеграция министрлігі оқиғаға пікір білдірді. Елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы қалада картоп тапшылығы жоқ екенін жеткізді.
Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған екен. Ал ведомство оның қорлары уақытылы толықтырылып отыратынын жеткізді.
"Small және Spar желілерінде өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау үшін картопты сатуға уақытша шектеу енгізілді. Мұнда бір адамға 5 келіден артық сатылмайды", - деп жауап берді басқарма.
Сондай-ақ, сауда министрлігі елордада, жалпы Қазақстан бойынша картоп тапшылығы жоқ екенін растады.