$ 519.28  540.05  5.31

«Атырауда қарт әжейді мысықтар жеп қойған»: Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді

Бейнежазбада Атырауда қарт, жалғызбасты әйелдің өзінің пәтерінде қайтыс болып, оның денесін мысықтар жей бастағаны айтылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Әлеуметтік желіде Атырауда жалғыз басты егде жастағы әйелді пәтерінде өзінің мысықтары жеп қойған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада Атырауда қарт, жалғызбасты әйелдің өзінің пәтерінде қайтыс болып, оның денесін мысықтар жей бастағаны айтылған. Алайда, жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаның фейк екенін әрі басқа қалада болғанын жеткізді, деп жазады Orda.kz.

Құқық қорғау органдары ақпаратты жоққа шығарып, тұрғындарды тексерілмеген мәліметтерге сенбеуге шақырды. Әлеуметтік желі қолданушыларынан ақпаратты таратар алдында оны тексеруді сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары