$ 519.28  540.05  5.31

Елордалық дәрігер ұшақ бортында зейнеткерді ажалдан арашалап қалды

Дәрігер шұғыл қонуға ұсыныс жасап, ұшақ Уфа әуежайына қонды.

Фото: 24KZ
Фото: 24KZ

Астана-Мәскеу бағытында рейсте 85 жастағы жолаушының қан қысымы артып, шұғыл медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана медицина университетінің түлегі, отоневролог дәрігер Қарлығаш Бакирова реанимация жасап, пациенттің жағдайын тұрақтандырды.

Дәрігер шұғыл қонуға ұсыныс жасап, ұшақ Уфа әуежайына қонды. Жолаушы дәрігерлердің қолына тапсырылып, жағдайы жақсарды.

Айта кетейік, Астана медицина университетінің студенті де ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары