$ 519.28  540.05  5.31

Қазақстанда енді легионерлер мемлекет есебінен қаржыландырылмайды

Қазақстанның ақшасын асауды білгенмен алаңда үлкен жетістік жасауды білмеген легионерлерге бюджеттен тұсау салынбақ.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда енді шетелден келген спортшыларға мемлекет қаржысы төленбейді. Осы норма қарастырылған заң жобасы мәжілісте екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутат Нартай Сәрсенғалиев заң жобасына депутаттар бірнеше маңызды нормаларды енгізгенін айтады. Мәселен, министрлік бұрын бекітіп жіберген, атының өзін ағайын білмейтін спорт түрлеріне қазына қаржысын бөлмеу туралы шешім қабылданды.

Заңға “жоғары жетістіктер спорты” деген түсінік енді, салаға бөлінген мемлекеттің қаржысы енді соларға бағытталады. Жоғары жетістіктер спортына: олимпиада, параолимпиада, сурдоолимпиада, азия, параАзия және ұлттық спорт түрлері кіреді. Бұрын уәкілетті министрлік 180-нен астам спорт түрлерінің саны 3 есеге қысқарады. 

“Депутаттар енгізген тағы бір маңызды өзгеріс, Қазақстанның ақшасын асауды білгенмен алаңда үлкен жетістік жасауды білмеген легионерлерге мемлекеттің бюджеті есебінен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма қабылданды. Спортқа бөлінген қаражат әр басшының ойына келген салаға бөлінбесін деп біз заңда бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағыттарды тізіп жаздық. Олар: Жоғары жетістіктер спорты мен басым спорт түрлеріне; Мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істеуіне; Бұқаралық спортқа; Спорттық инфрақұрылымды дамытуға”, – деді баяндамасында Нартай Аралбайұлы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары