$ 518.14  537.57  5.27

«Қолдарыңнан түк келмейді»: Дана Орманбаева мәлімдеме жасады

Менің әлемімде қарабеттерге, екіжүзділер мен қорқақтарға орын жоқ.

Фото: exclusive.kz
Фото: exclusive.kz

Таяуда үстінен ұлтаралық араздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған журналист Дана Орманбаева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Мына ұсақ-түйек сарсаңға түскендер менің өзімді менен тартып алғысы келетін сияқты.

Қалай елестетіп отырсыздар, «жақсы» мырзалар мен ханымдар?

Сіздер жеңіске жетеміз деп ойлайсыздар ма? Қалай?

Атымды тартып аламын дейсіздер ме?

Ол ешқашан да мүмкін емес. Тағы нені тартып алғыларың келеді? Менің кәсібімді, тәжірибемді ме?

Біздің жобаларымыз әлдеқашан халықаралық деңгейде дамып, әлемде мойындалған. Әрі қарай не? Беделімді ме? Менің беделім – саналы адамдар арасында.

Ақыл-ойы ашық, басты мен қосымшаны айыра алатын, ұрпағына ішкі байлық пен мейірімді жүрек қалдыруды мақсат ететін жандардың алдында менің өз орным бар.

Қарым-қатынасымды, ортамды тартып аламын дейсіздер ме?

Менің жанымда сүйікті жарым, ғажап балаларым, қайнар бұлақтай таза шынайы достарым бар.

Менің әлемімде қарабеттерге, екіжүзділер мен қорқақтарға орын жоқ. Бұл жағынан да қолдарыңнан ештеңе келмейді.

Маған сенетін, бұл сұмдық өтірікке емес, ақиқатқа құлақ асатын, менің қасымда қалатын барлық жандарға алғысым шексіз!», — деп жазды Дана Орманбаева.

Еске салсақ, Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы Дана Орманбаева қатысты ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Сот «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды», – делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары