$ 518.14  537.57  5.27

Бір қаланы жойып жіберуге қауқарлы астероид 2032 жылы Жерге соғылуы мүмкін

NASA алдағы уақытта жиналған деректер әлі де сарапқа салынатынын жеткізді. 

Фото: Моя планета
Фото: Моя планета

Қаланы жойып жіберуге қауқарлы  2024 YR4 астероиды 2032 жылы Жерге соғылуы мүмкін. Алайда оның Жерге құлау ықтималды 83-тен 1 немесе 1,2%ғана, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

NASA ғалымдарының дерегіне сәйкес, аспан денесі қаланы жойып жібере алады. 2024 YR4 астероидын 2024 жылдың 27 желтоқсанында NASA Asteroid Terrestrial-ampact Last Alert жүйесі анықтаған. Егер Жерге соғылса, салдарынан 8 мегатонна энергия бөлінеді, бұл Жапониядағы Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының қуатынан 500 есе көп. 

Қазір астероид Жерден алшақтап барады, бірақ 50 жылдың ішінде планетамызға 8 рет жақын келеді екен. Соның ішінде соққы орын алуы мүмкін уақыт 2032 жылдың 22 желтоқсаны. 

NASA алдағы уақытта жиналған деректер әлі де сарапқа салынатынын жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары