$ 520.27  537.65  5.24

Оралда 1 млрд теңгеге салынған мектептің кірпіштері құлап жатыр

 №4 мектепті салуға шамамен 950 млн теңге жұмсалған.

Фото: Медет Медресов
Фото: Медет Медресов

Орал қаласында жеті жыл бұрын салынған мектеп қабырғасының кірпіштері сынып, құлап жатыр,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Мой город» сайтына сілтеме жасап. 

 №4 мектепті салуға шамамен 950 млн теңге жұмсалған. Оқу орнының директоры Жанаргүл Аймұрзина мектеп құрылысын салған «Альтаир» компаниясы екенін айтты.

Бұған ауа-райы әсер еткен болуы мүмкін. Үнемі ылғалды ауа райы. Біз балалардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Кірпіш құлаған жерлерге арнайы таспалар қойылды. Сондай-ақ, қызметкерлер  балалардың қауіпті аумақтарға жақындамауын қадағалап отыр. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына сараптама жүргізуді жоспарлап отырмыз, - деді мектеп директоры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары