05.02.2025, 19:00

Bek Air ұшағы апатын тергеген прокурорларға қатысты тың дерек шықты

фото: sputniknews.kz

Тергеу басқармасындағы 6 тергеушінің біреуі ғана жеткілікті тәжірибеге ие болды. 

Bek Air ұшағы апатын тергеген прокурорлардың біліксіздігі анықталды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

«Республиканың көлік инфрақұрылымының екінші проблемасы - білікті мамандардың тапшылығы болып қала береді. Мысалы, көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу Басқармасы қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің әлсіздігіне байланысты 2019 жылы БекЭйр авиакомпаниясының ұшағының апатқа ұшырауын тергеу 5 жылдан астам уақытқа созылды. Тергеу басқармасындағы 6 тергеушінің біреуі ғана жеткілікті тәжірибеге ие болды. Білікті кадрлардың тапшылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі де бастан өткерген.

Прокуратураның бірқатар ұсынуларынан кейін Көлік министрлігі 2024 жылы өз қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру және тағылымдама курстарын шетелде де ұйымдастырды, тергеушілер штатын құруға кадрлық тәсіл қайта қаралды. Бұл белгілі бір дәрежеде Ақтау қаласы маңындағы Әзірбайжан авиакомпаниясының соңғы апатын тергеудің сапасы мен деңгейіне оң әсерін тигізді.

Шын мәнінде, БекЭйр компаниясының ұшағы ұшу алдындағы дайындыққа байланысты емес техникалық регламенттермен реттелетін жағдайдың тұтқыны болды. Бұл ретте Көлік министрлігінің осы салада нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға заңнамалық мүмкіндігі болған жоқ», - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.