$ 506.43  522.43  5.28

Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңгені қалтасына басқан

Ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.  

Фото: paryz.kz
Фото: paryz.kz

Ақтау қаласының прокуратурасы бюджет қаражатын заңсыз иемдену фактісін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу барысында №39 "Хиуаз бөбекжайы" балабақшасының есепшісі мекеме директорының атынан банк құжаттарына заңсыз қол қойып, өзінің есепшоттарына мемлекет бюджетінен 9 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны белгілі болды.

Соттың үкімімен есепші ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары