$ 511.18  530.6  5.28

Нұрлан имам Трамп Ақ үйде өткізген қайырымдылық асқа қатысты

Отырған орным да тура алдына түскен екен.

Фото: instagram.com/nurlanimam.kz
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Нұрлан имам деген атпен танымал Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Вашингтонда өткен іс-шараға 2500 адам жиналған. Сондай-ақ, қайырымдылық таңғы асында АҚШ-тың президенті Дональд Трамп сөз сөйлеген.

"Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ең ілері: "Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл - елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп" деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды. Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол ағайындар…" - деді ол.

Айта кетейік, Нұрлан имам - Астанадағы "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы. Ол кейінгі бірнеше жылдан бері әлеуметтік желілер арқылы халыққа жақсы таныс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары