$ 510.49  527.29  5.27

Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжан Ресейді сотқа бермек

"Мәскеу өз кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті өз мойнына алуы керек.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Әзербайжан Ақтау маңында Azerbaijan Airlines AZAL ұшағының апатқа ұшырауына байланысты халықаралық сотқа шағымдануға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы әзербайжандық APA ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Агенттіктің хабарлауынша, Әзербайжан Ресейге қоятын шарттары мен талаптарын нақты белгілеген.

"Әзербайжанның тарапында ұшақты атып түсірген Pantsir-S зымыранының фрагменттері бар. Дәлел базасы жасақталып, фактілер мен дәлелдемелер жиналып, халықаралық сотқа шағымдануға дайындық жүріп жатыр", - деп хабарлайды APA.

Сонымен бірге жазбада "Ресеймен диалогқа есік әлі де ашық екені" айтылған.

 "Мәскеу өз кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Әйтпесе, Баку келесі қадамды жасауға", - делінген хабарламада.

Еске салайық, өткен сейсенбіде Қазақстанның Көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары