Бес жасар бала көпбейінді балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінде ем алуда.
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде шабуылға ұшырап, бетінің жұмсақ тіндерінен көптеген кесілген жарақат алған бала әлі де ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, баланың жағдайы оңалып келе жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бес жасар бала көпбейінді балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінде ем алуда, деп жазады Massaget.kz.
"Антибактериалды терапия, физиологиялық емдеу жалғасып жатыр. Ісік ұлғаймаған, динамика оң. Күнделікті таңу процедуралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, 12 ақпан Астанада белгісіз жасөспірім тұрғын үйдің лифтінде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған.