17 ақпан күні Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жел соғып, жаңбыр жауады.
«Қазгидромет» 15-17 ақпан аралығындағы демалыс күндері мен дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы жылы болады. Тіпті, солтүстік аймақтарда да 17 ақпан күні температура + көрсетеді.
Дегенмен, күн жылынғанымен 16 ақпан күні Ақтөбе мен Қостанай облыстарында, ал 17 ақпан күні Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жел соғып, жаңбыр жауады.