Астанада жаяу бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Синоптиктер ертең, 17 ақпанда Астанада, Шымкентте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
Шымкентте түнде тұман күтіледі.
Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының тунде оңтүстігінде, батысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Астанада жаяу бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.