Түрме көңіл көтеретін жер емес.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне күдіктілердің түрмеде туған күн тойлап жатқаны туралы видео тараған еді. Осы оқиғаға қатысты белгілі құқық қорғаушы Айтбек Амангелді пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, олар түрмеде емдік-сауықтыру орталығында жатқандай тайраңдаған.
Шерзатты өлтірді деп айыпталғандар тергеу изоляторында торт жеп, туған күн тойлап жүр (ВИДЕО)
Еске салсақ, Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасына құқықтық көмек көрсеткен. Ол Талғарға барып, Шерзаттың әкесімен кездесіп, оған қиын сәтте қолдау білдірген.
«Желіде тараған видеоға қатысты айтсам, біз не үшін заңға сүйенеміз, не үшін заңгерлерге жүгінеміз? ІІМ, прокуратура, тергеу, ары қарай сот не үшін керек, егер біз қамауға алынғандарға санаторийдегі сияқты жағдай жасасақ? Әділдік қайда? Түрмеде де сол, барып тұрған заңсыздық. Негізі түрме көңіл көтеретін жер емес. Ол жерге адамдар тәртіпке келсін, түзелсін де жібереді емес пе?! Олар онда емін-еркін жүретін болса, несіне оларды темір торға қамады?», – деп кейіді ол.