$ 502.47  525.83  5.68

Астанада 15-қабаттан құлаған қыздың жағдайы ауыр

Ақ халаттылардың айтуынша, қыздың бірнеше жерден сүйегі сынған, миы шайқалып, көп мөлшерде қан жоғалтқан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада 15-қабаттан құлаған жеткіншектің жағдайы ауыр. Көрер жарығы болғанымен, дәрігерлер оның ауыр халде жатқанын айтып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "КТК" арнасына сілтеп.

12 жастағы қызды мұндай әркетке не итермелегені әлі анықталмады. Жерде жатқан қызды жедел жәрдем дәрігерлері бірден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Көршілердің айтуынша, кешкі сағат алты шамасында жеткіншек құлдилап барып, үйдің дәл іргесіндегі дүкеннің шатырына құлапты.

Ақ халаттылардың айтуынша, қыздың бірнеше жерден сүйегі сынған, миы шайқалып, көп мөлшерде қан жоғалтқан. Дәрігерлер оқушының денсаулығын күні-түні бақылап, көмек көрсетіп жатыр. Баланың құлау дерегі бойынша полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Кәмелетке толмаған қыз баланың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Биіктен құлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Астана ПД баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары