$ 502.47  525.83  5.68

Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне қайта көшуі мүмкін бе?

Ел арасында «,бұрынғы уақыт белдеуіне қайта көшеміз» деген сыбыс тарауда.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Елімізде уақыт белдеуінің алға жылжығынына 1 наурызда 1 жыл болады екен. Жыл бойы халықтың пікірі екіге жарылып, бірі қолдаса, екіншісі ыңғайсыз екенін айтып дабыл қағуда. Әсересі шығыс жұрты үшін уақыт белдеуінің өзгеруі ерекше әсер еткені анық. Себебі Шығыс Қазақстанда жаздыкүні таң ерте атса, қыстыкүні күн ерте батып, халықтың шамына тигені бар. Алайда күні кеше шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ауданына қарасты 17 ауылдың тұрғындары өз уақыт белдеуіне көшіп, жаңа кесте бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, 2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап Қатонқарағай ауданында бес күндік жұмыс аптасы енгізіліп, жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады. Сағат 12:00-ден 13:30 түскі үзіліс уақыты болып белгіленді. 

Қатонқарағай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнәр Жақсылықова өткен жылдың соңында ауданға жұмыс тобы келіп, уақыт белдеуі мәселесін талқылағанын айтты. Тұрғындармен кездесу барысында пилоттық жобаны іске қосып, жұмыс күнін сағат 08:00-ден бастау туралы шешім қабылданды.

Уақыт белдеуі өзгертілмек – Ақмешіт жастары

“Қатонқарағайда таң ерте атады, біз шығыстамыз, сағат бесте жарық болып тұрады. Ауылда адамдар да ерте тұрады. Сондықтан көпшілік бірден келісті. Аудан әкімінің өкімімен 5 қаңтардан бастап таңғы сегізден бастап жұмыс істейміз”, – деді Гүлнәр Жақсылықова.

Әкімдіктің мәліметінше, аудандағы 40 мекеменің барлығы жаңа жұмыс кестесіне көшті. Дегенмен көбіне бейімделудің де қажеті болмады. Өйткені мектептер, балабақшалар мен ауруханалар онсыз да таңғы сағат 08:00-ден бастап жұмыс істейтін көрінеді.

“Бұл өте ыңғайлы. Бұған дейін балаларды сағат 08:00-де апаратынбыз, сосын 09:00-де ғана жұмысқа кірісетінбіз. Ал қазір жұмысқа бара жатқанда баланы балабақшаға апарып, ертерек босап, үйге келіп, біраз шаруаны бітіріп үлгеруге болады. Бұл бізге қолайлы. Бұрынғы кестеге оралғымыз келмейді”, – дейді ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Жергілікті тұрғындардың бұл шешімін кәсіпкерлер де қолдаған. 

“Біз туристік аймақпыз, көп адамдар азық-түлік дүкеніне таңнан келеді, ал біз ол кезде ашық боламыз. Бұл барлығына ыңғайлы”, – дейді кәсіп иелері.

Ресми мәліметтерге сенсек, пилоттық жоба Катонқарағай ауданының Қабырға, Белқарағай, Өрнек, Топқайың, Барлық, Коробиха және Ақсу, Өрел, Аршаты, Берел, Жамбыл, Қайыңды, Қызыл Жұлдыз, Аққайнар, Еңбек, Шыңғыстай, Жаңаүлгі ауылдарында енгізілді.

Жалпы жер ғаламшары әрқайсысы 15 градустан тұратын 24 уақыт белдеуіне бөлінген, барлық белдеудің қосындысы 360 градусқа (әр градус 4 минутқа тең), яғни Жердің өз осінен 24 сағатта толық айналып шығуына сәйкес келеді. Жердің 15 градусқа айналуы 1 сағатта іске асады. Әр уақыт белдеуінің орта меридианында сағат тілінің 12:00 көрсетуі Күннің осы меридиандағы кульминациясына сәйкес астрономиялық талтүс болып есептеледі. Белдеулік бөлу үшін Гринвич меридианы (GMT0) бастау нүктесі, ал оның екі жағынан әрқайсысы 7,5 градус UTC0 уақыт белдеуі болып табылады.

Қазақстанның шығыс облыстары жағдайында UTC+5, GMT-мен 5 сағат айырмашылықпен орта меридиан шығыс бойлықпен 75 градус (75:15=5) Балқаш және Екібастұз қалалары арқылы өтеді, енді осы бойлықтың екі жағынан әрқайсысы 7,5 градус (30 минуттан) шығыс бойлықпен 67,5 және 82,5 меридиандар арқылы +5 уақыт белдеуінің шекаралары өтеді. Осы бойлықтарда жатқан барлық аумақ UTC+5 уақыт белдеуі болып табылады. Ендік уақыт есептеуде қолданылмайды.

Жердің өз осі бойынша тәуліктік айналуы жарық пен қараңғылықтың қайталанатын циклдері бар өзіне тән динамикалық экожүйені туғызады. Бұл геофизикалық құрылымда тіршілік Күннен бөлінбей пайда болды, ол 24 сағат аралықпен Жер бетіне жарық жеткізеді.

Сондай-ақ, депутат Ринат Зайытов та наурыз айында бұрынғы уақыт белдеуінің қайтарылатынына сенім білдірді

“Уақыт белдеуінің ауысқанының қандай пайдасы тиді? Бұл мәселе наурыз айында шешімім табады. Мәжіліс төрағасы үкіметке наурыз айында отырыс жасайтымызды айтты. Сол отырыста не бүк болады, не шік болады”, – дейді халық қалаулысы.

Никакой общей истории не должно быть»: Ринат Заитов рассказал о совместной  работе казахстанско-российской группы

Депутат наурыз айындағы отырыста бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы шешім қабылданатынына сенімді екенін атап өтті. 

“Өзгереді. Себебі үкіметтің позициясы әлсіз. Не дәлелдейді олар бізге? Біз тек сол жиынның уақытын күтіп отырмыз”, – дейді депутат. 

Сонымен қатар бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай да уақыт белдеуінің кері қайтарылуын талап етіп, біраз бас көтерген болатын.

"Өңірлерге, әсіресе Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Абай және Жетісу облыстарына іссапарлар барысында тұрғындардың көптеген арыз-шағымдары мен тілектеріне байланысты арнайы мәлімдеме жасағымыз келеді. Әріптестерім куә. Халық бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп жатыр. Бәлкім бұл уақыт белдеуі Қостанай, Қызылорда және Батыс Қазақстан үшін ыңғайлы шағар, бірақ Шығыс Қазақстан үшін тиімсіз. Біздің Шығыс Қазақстанда таң түнгі екі жарымда атады, адамдар сиырлардың мөңіреуінен оянасың, ал кешкі бес-алтыда тас қараңғы. Мұндай жағдайда екінші және үшінші ауысымдағы оқушылар үйіне қалай қайтады? Ауылдық жерлерде көше жарығы жоқ, бұл мәселені ушықтырады", - деді депутат Мақсат Толықбай.

Максат Толыкбай прокомментировал слухи о новом назначении

Бірыңғай уақыт белдеуі не үшін керек

Ғалымдардың пікірінше, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді. Бұл биологиялық ырғақтар мен адам денсаулығына кері әсер етеді. Сарапшылар астана уақыты қолданылатын облыстар мен қалаларда сағат бір сағатқа (UTC+5) ауыстырылатын нұсқаны ұсынды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 17
Күлкілі 3
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары