Абысын тату болса ас көп-деген осы екен.
Әлеуметтік желідегі Dauletten парақшасында ерекше видео пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Белгілі болғандай Дәлет Мұқаевтың командасындағы Шәміл есімді жігіттің қарындасы ұзатылған.
"Менің 5 қарындасым, 1 інім бар екенін біріңіз білсеңіз, біріңіз білмейтін шығарсыз. Сол қарындастарымның ең үлкенін кеше ұзаттық. Әулетімізде 13 немере келін бар. Сол алтын жеңгелерім қарындасымды ұзату тойға өздері алып шықты. Әнін жазып, бір түсті көйлек киіп арнайы дайындалған. Абысын тату болса ас көп-деген осы екен.
Отбасылық өмірге қадам басқан қарындасыма мол бақыт тіледім. Сіздер де құрылған жас отбасыға жылы тілектеріңізді арнап қойыңыздар", - деп жазды Шәміл.
Желі қолданушылары әншілерде жалдағанға қарағанда өз жеңгелері алып шыққаны дұрысырақ екенін жарыса жазды.
"Қайдағы бір әншілер алып шыққанша, осы дұрыс. Жолын берсін", "Бақытты болсын"., "Өте керемет", деді олар.