Ведомствоаралық іс-қимыл мен ұлттық қор қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік аймақтарын нақты айқындау қажет.
Қазақстанда ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында комиссияның қызметі жаңартылған форматта, жаңа құраммен жалғасады. 21 ақпанда Әлихан Смайыловтың төрағалығымен жоғары аудиторлық палатада комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында комиссия төрағасы Әлихан Смайылов ұлттық қор қаражатын жұмсау заңдылығы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу тәсілдері өзгеретінін мәлімдеді.
«Комиссияның жұмысын қайта бастауымыз керек. Ведомствоаралық іс-қимыл мен ұлттық қор қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік аймақтарын нақты айқындау қажет», — деді Смайылов.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына байланысты да ұлттық қорды ұтымды пайдалану мәселесі қарастырылады.
«Ұлттық қордан алынатын трансферттерден экономикалық қайтарым болуы қажет. Ұлттық қор мемлекеттік маңызды емес міндеттерге пайдаланылмауы тиіс. Мемлекет басшысы осындай міндет қойды», — деді жоғары аудиторлық палата төрағасы.
Премьер-министр алдағы кезеңге арналған міндеттерді атады:
Отырыс барысында комиссия құрамын жаңарту, оның қызметін жаңа форматта регламенттеу, қорытындылардың сапасын арттыру және т. б. мәселелер талқыланды.