Синоптиктердің айтуынша, бүкіл өңірде қар жауып, сынап бағаны -28°C дейін төмендеп, аяз күшіне мінеді.
Синоптиктер 27 ақпанда Қазақстанда аумағында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі.
"Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ болады, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта боран соғады, жел екпіні күшейеді деп болжанады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады деп күтіледі.
"Түнде Алматының шығысында, күндіз солтүстік-шығыста, Жетісу облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылдың 27 ақпанынан 1 наурызына дейінгі аралықта қолайсыз ауа райы күтілетіні хабарланған болатын. Синоптиктердің айтуынша, бүкіл өңірде қар жауып, сынап бағаны -28°C дейін төмендеп, аяз күшіне мінеді.