$ 501.49  525.71  5.77

«Мешітке адам басына 20 мың теңге төлейсің»: Депутат адам өлімінің бизнеске айналғанын айтты

Астананың Бас мешіті мен Хазірет Сұлтан мешітіндегі асханада ас беретін болсаңыз, адам басына 20000 теңгеге дейін төлеуге дайын болыңыз! Адам өліміндегі ас емес, той жасайтын дастарқан! Минималды баға 7000 теңге.

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қайтыс болған адамға арнап мешітте берілетін ас кезіндегі ысырапшылдықты сөз етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың сөзінше, Астана қаласындағы Бас мешіт пен Хазірет Сұлтан мешіттері ас беруге ниетті жандарға адам басына 7 мың мен 20 мың теңгеге дейінгі аралықтағы той дастарханынан кем емес бірнеше мәзір ұсынады.

«Астананың Бас мешіті мен Хазірет Сұлтан мешітіндегі асханада ас беретін болсаңыз, адам басына 20000 теңгеге дейін төлеуге дайын болыңыз! Адам өліміндегі ас емес, той жасайтын дастарқан! Минималды баға 7000 теңге. Бірақ ол кезде етті өзіңіз әкелесіз. Бұл бизнес болмағанда не? Мысалы Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында дастарқанда тек 7-ақ ас түрі болады. Одан басқа мәзір жоқ! Ұсынбайды! Неге бас қалада, басқа аймақтарда осылай болмайды?

Ерте ме, кеш пе кез келген адам басына өлім келеді. Одан ешкім құтыла алмайды. Жер алу, жаназа, ас беру, зират көтеру… осының бәрі бір күні алдыңыздан шығатын діни жоралғылар. Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы тарапынан бұл мәселе дұрыс жолға қойылмаса, қайғыдан қан жұтып отырған жандарға, ақшасы жоқтарға одан сайын соққы болып отыр.

Ысырапшылдықтың алдын алу неге мешіттерден басталмайды?!», — деп жазды Дәулет Мұқаев желідегі парақшасында. 

Желі қолданушылар да бір ауыздан депутаттың бастамасын қолдай жөнелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 84
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары