Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ.
Бүгін ғана Жанқош Тұраровтың ісіне байланысты БАҚ-та «қылмыстық іс тоқтатылды» деген ақпарат тараған еді. Енді осыған қатысты Әнарудың адвокат мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мына ақпарат өтірік! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, жүріп жатыр. Соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ. Осындай жалған ақпарат таратқан адамды, оны тексермей, жариялағандары үшін осы топты, авторды, басқа да сайттарды жауапқа тарту жөнінде шағым дайындалып жатыр», — деп жазды адвокат желідегі парақшасында.